|
20.01.2021 | 21:12
3410

БЖЗҚ: 761 мың азамат зейнетақы төлемін пайдалану ережесін күтіп отыр

Ал, зейнетақы төлемін пайдалану ережесінің жобасы кабинет аралап жүр

 БЖЗҚ: 761 мың азамат зейнетақы төлемін пайдалану ережесін күтіп отыр Almaty.tv

Зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін тездетіп қабылдау керек. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-Министрі мен Ұлттық банкі төрағасының атына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тиісті мақсаттарға пайдалану бойынша актілерді тездетіп қабылдауды сұрап, депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы орайда ол Президент тиісті заңға қол қойып, құжат заңды күшіне енгенін, алайда әлі күнге тиісті механизмі жоқтығын сынға алды.

«761 мың азамат осы ережені күтіп отыр. Олардың көбісі баспана таңдап алған, ал бұл ереженің жобасы түрлі келісу бойынша кабинет аралап жүр. Осы орайда халық тарапынан көптеген ескерту түсіп жатқанын айта кеткен жөн. Азаматтардың біразы баспананы 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы. Бұл тұрғыда азаматтардың қарапайым өмірлік жағдайы ескерілмеген», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир