Әуе билеттері арзандауы мүмкін: Қазақстан нарығына қандай компания келді

elements.envato.com
elements.envato.com
Бәсекелестікті дамыту агенттігі мемлекеттің бизнеске қатысу үлесін тағы да азайтуды көздеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан билігі бизнеске араласуды тағы да азайтпақ. Қазір мемлекет экономиканың 30 негізгі секторының 20-сына қатысады. Дүниежүзілік банктің эмпирикалық зерттеулері мемлекет қатысатын кәсіпорындардың жеке компанияларға қарағанда тиімділігі төмен екенін көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл әсіресе мемлекет көпшілік немесе жалғыз акционер болған жағдайда байқалады. Сонымен қатар салалардың серпінділігінің баяулауымен және бәсекелестіктің дамуына теріс әсер ететін жаңа кәсіпорындардың нарыққа кіру мүмкіндігінің шектелуімен байланысты. Бәсекелестікті дамыту агенттігі мемлекеттің бизнеске қатысу үлесін тағы да азайтуды көздеп отыр.

– Агенттік «ақылды реттеу» қағидатына негізделген квазимемлекеттік сектор үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің жаңа форматын әзірледі. Осы бастамалар аясында төрт бірыңғай оператор қысқартылды, операторлық функциялардан тағы 4 нарық субъектісін қысқарту жоспарлануда. Сондай-ақ 43 кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру ұсынылды, бұл активтерді басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деді ҚР Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Рустам Ахметов.

Агенттік өкілінің айтуынша, әуе нарығында да бәсекелестік пайда болуы керек. Қазақстан нарығына екі шетелдік компания кіріп жатыр. Олар жұмысын бастағаннан кейін ұшу билеттері арзандауы әбден мүмкін. Сонымен қатар ұялы байланыс нарығында да жаңа ойыншылар пайда болған.

– Ұялы байланыс нарығына катарлық оператор енді. Бұл салада да бәсекелестік пайда болады, ол қызмет құнына да әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ биржалық саудада көмірді сату көлемі делдалдарсыз тікелей бөлшек жеткізушілерге 10 пайыздан 50пайызға дейін ұлғайтылды, бұл халықты толық көмірмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді ҚР Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі төрағасының орынбасары Рустам Ахметов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағында бірнеше жол ақылы болады

Новости партнеров