Жас журналистердің үйлі болуға мүмкіндігі мол

Жас журналистердің үйлі болуға мүмкіндігі мол
Бұл туралы бүгін шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы әзірленді. Бұл жоба аясында Алматыда тұрақты жұмыс істейтін жастар баспаналы болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 25 мың 533 азамат тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға артық. Өткен жылы 3162 мұқтаж тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Соның ішінде көпбалалы 520 отбасы және балалар үйінің 114 түлегі бар. Сонымен қатар, 2019 жылы жұмыс істейтін 1050 жасқа жалға берілетін пәтерлердің кілттері табысталды.

«Жаңа «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының ерекшелігі – төменгі пайыздық мөлшерлемемен берілетіндігінде.  Қарыз мөлшері 13 млн. теңгеге дейін, үйді жылына 5% жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен алады», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Жалпы, 2020 жылы 3 810 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың ішінде мыңға жуық пәтер «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша, 1300-ден астам пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылады. Негізгі міндеттерінің бірі – адамдарға жайлы тұрмыс ортасын құру. Осыған байланысты Алматыдағы ескі тұрғын үй мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда 81 ескі үйді бұзу және 700-ге жуық отбасын жаңа әрі жайлы пәтерлермен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

Новости партнеров