|
16.11.2023 | 21:17
2031

Өрттің алдын алу шарасы: ТЖД жатақханаларды тексерді

ТЖД өкілдері Қарапайым заңбұзушылықтарды анықталды

Өрттің алдын алу шарасы: ТЖД жатақханаларды тексерді Сурет: Аlmaty.tv

Алматыда соңғы 9 айда 450 өрт жағдайы тіркелсе, оның 38-і Әуезов ауданында болған.Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, қызыл жалынның шығу себебі көбінде тоқ желілерінің тұйықталуынан болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Апатты жағдайлардың алдын алу үшін төтенше жағдай қызметінің мамандары  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жатақханалар мен қонақүйлерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аудан тұрғыны Гүлнафис Терезенова пәтер жалдап тұрады. Бөлмені қысы-жазы электр жабдығымен жылытады екен. Өйткені ескі пеш қазір жарамсыз.

Мен электр пешін қосып отырмын. Жағдайыма қарап тоқты үнемдеу үшін ажыратып қоямын, - дейді қала тұрғыны Гүлнафис Терезенова.

Ауладағы бес бөлме жалдамалы пәтерге тапсырылады.Әр тұрғын жеке-жеке бөлмесін жылтады. Мамандар бұл қауіпті екенін ескертеді.

– Жұртты ойлап жүргендеріңізге рахмет. Осылай келіп, бізге түсіндіріп тұрсаңыздар жақсы болады. Үйде балалар бар. Газ қауіпсіз болу керек, - дейді қала тұрғыны Зәуреш Жасарова.

Ал мына жатақханада жетпіске жуық адам тұрады. Қожайыны 14 бөлмені әр отбасыға бөліп берген. Айтуынша, қауіпсіздік ережелерін толық білмейді. Онысын мойындайды. Тәртіпке шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген  мониторингтік топ мүшелері бұл жерден де олқылық анықтаған.

– Ас бөлме - тамақтанатын орын. Ас бөлме мен жатын бөлме ортасында есік болуы керек. Ауа айналымын қамтамасыз ететін вент каналдары мен есіктерге тесік керек. Ескерту ретінде тұрғындарға түсіндірдік, - дейді Инфқұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Динара Жусанбекова.

Қаланың қақ ортасында азаматтардан 40 мыңнан 150 мың теңгеге дейін ақы жинап отырған қонақүй иесі ас бөлме мен жатын орынды тым тығыз орналастырған. Тоқ тораптарының ескіргенін де көруге болады. Өкінішке қарай, хостелдің қожайынын көрмедік. Алайда атқарушы директорға ауызша ескерту жасалды.

– Әуезов ауданы ТЖ басқармасы, «Аманат» партиясымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе «Жатақхана» акциясын ұйымдастырдық. Қарапайым ережебұзушылықтар анықталды. Мысалы адам көп тұратын хостелде электр сымдарын бір-біріне орап  қойған. Бұл -  өте қауіпті. Аудан бойынша  9 айда 38 өрт болды. Өрттің басты себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - дейді  Әуезов ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Абай Асылбаев.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда өрттен зардап шеккен оқиғалар 80% артті деп отыр. Мәселен соңғы 9 айда 450 өрт жағдайы тіркелген. Оның тең жартысы жеке үйде екен. Жалпы жылыту маусымы басталғалы қазір қаладағы қонақүйлер мен жатақханаларды тексеру қарқын алған. Себебі дәл осы нысандарда 300 аса ережебұзушылық анықталған екен.

Талан Айымбетов, Әлібек Шынтемір,  Медет Саматұлы, "Алматы" телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда 2 ЖЭО газға көшіріле бастады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир