Бұл туралы бүгін аталған жоғары оқу орны мен Ericsson компаниясы арасындағы меморандумға қол қою барысында белгілі болды. Зертхана студенттерге келесі оқу жылында қолжетімді болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Онда білімгерлер телекоммуникация саласындағы ізденістерін осы орталықта жүзеге асырады. Сондай-ақ, екіжақты келісім бойынша 4000-нан астам студент оқитын университет студенттері енді телекоммуникация саласындағы ең ірі компаниялардың бірінде тәжірибеден өтіп, сандық технология кардларын бірлесіп дайындалатын болады.
«Біз зертхананы оқу процесіне 2020 жылы жаңа оқу жылында бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Онда университеттің радиотехника және телекоммуникация мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-3 курс студенттері зерттеулерін жүргізеді. Ал, Ericsson компаниясы зертханаға қажетті барлық құрал-жабдықтардың келер жылдың басында береміз», - деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры Тимур ОМАРОВ.
«Енді қосылғалы жатқан 5G ел экономикасына едәуір ықпал тиізері анық. Осы тұста сапалы кадр дайындау мәселесінде өз үлесімізді қоссақ дейміз. Сол үшін осы оқу орнынмен келісімге келуді ұйғардық. Меморандум аясында біздің алдыңғы қатарлы мамандар студенттерге семинар тренингтер өткізеді және біздің компанияда тәжірибеден өтеді», - деді Орталық Азиядағы Ericsson компаниясының бас директоры Айдын ӘБЖАНБЕКОВ.