Ақмола облысында Пәтер иелері кооперативі жаздың шіліңгір ыстығында 1 млн теңгеге қар шығарған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Үш жылда жарты миллиард теңгесін заңсыз иеленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі «Лесная поляна» тұрғын үй алабының ПИК өкілдері «жаздың шіліңгір ыстығында бір миллион теңгеге қар шығарған». 40-қа жуық үйге қызмет көрсетіп отырған басқару компаниясы тұрғындарға осындай есеп беріпті. Қосшылықтар бірнеше жыл қатарынан басқарушы компанияның қызметтері үшін артығымен төлеп келгенін, алайда ешқандай жұмыс жүргізілмей жатқанын айтып наразы. Мәселенің мәнісін біліп қайтқан елордалық Almaty.tv тілшісі Салтанат Нысанбек толықтырсын.

«Лесная поляна» тұрғын үй алабында алты жарым мың адам тұрады. Олардың сөзінше, жергілікті ПИК жылдар бойы тариф құнын негізсіз өсіріп отырған. Есептеуінше, соңғы үш жылда пәтер иелері кооперативі жарты миллиард теңгесін заңсыз иеленген.

Тұрғын Меруерт Өтегенованың сөзінше, басқарушы компания Лесная полянадағы 37 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетеді. 10 жыл бұрын әрбіреуіне жеке шот ашуы тиіс болғанын айтады. Алайда қосшылықтардан жиналған ақшаның барлығы бір шотқа құйылған екен.    

«Басқарушы компания «Эксперт-Комфорттың» жұмысы қанағаттандырмайды. Жаз айында қар шығарады екен миллион теңгеге. 37 үйдің 6500 адамның ақшасы талан-таражға кетіп жатыр. Бір шотқа бар ақшаны құйып, ойына келгенін істейді. Жылына 150 миллион ақша жинайды», – деді тұрғын Меруерт Өтегенова.

Тұрғынның айтуынша, осыдан үш жыл бұрын басқарушы компания тарифты ешбір негізсіз өсірген. Осылайша үш жыл қатарынан қосшылықтар бір шаршы метрге бұрынғыдай 30 емес, 48 теңгеден төлеп келді. Компанияның заңсыз әрекеті биыл көктемде Целиноград аудандық сотында дәлелденді. Алайда тұрғындардың артық төлеген ақшасы әлі қайтарылмай отыр. Басқарушы компанияға барып едік, жауабын ала аламадық.  

Республикалық тұтынушылардың құқығын қорғау одағының төрағасы Виктор Сыздықов басқарушы компанияның әрекеттерін заңсыз деп айтуда. Себебі тарифтер тек жалпыүйлік жиналыстарда тұрғындардың келісімімен бекітілуі тиіс.

«Сот дұрыстап қарады ғой. Түгел құжаттарды қарады. Сот тапты. «Эксперт-Комфорт» өздері қосып тарифты көбейткен. Үлкейткен сомасына «сендердікі дұрыс емес» деп шешім шығарды. Протокол болған жоқ. Тұрғындардан да сұраған ғой, сендер жиналыста болып осындай тарифты бекіттіңдер ме деп», – деді Республикалық тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғау одағының төрағасы Виктор Сыздықов.

Сарапшы тұрғындарға әрбір үйге өзінің жеке шотын ашып, өз басқарушысын тағайындауға кеңес береді. Сонда жиналған қаражаттың қалай және қайда кетіп жатқаны ашық болмақ деген ойда.  

Салтанат Нысанбек, Нұрлан Өтеген, Ботагөз Есланқызы, «Алматы» телеарнасы, Нұр-Сұлтаннан

Новости партнеров