Такси жүргізушілері медициналық тексеруден өте ме

elements.envato.com
elements.envato.com
Көлік министрі Марат Қарабаев мәселеге қатысты түсінік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы такси жүргізушілерін медициналық тексеруден өткізуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында министр қазір тиісті түзетулер пысықталып жатқанын айтты. Жүргізуші қызметін бастағанға дейін міндетті медициналық тексеруден өткізу қарастырылып жатыр.

- Биыл емес, келер жылы іске қосылуы мүмкін. Нақты қай кезде енгізілетінін тағы да жариялаймыз. Себебі бұл тұрғыда мемлекеттік органдар да, интернет-агрегаторлар да (InDriver және Яндекс) тиісті дайындықтан өтуі керек, - деді Марат Қарабаев.

Биыл шілде айында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов интернет арқылы такси қызметін көрсетушілердің жұмысын заңмен реттеу қажет екенін айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров