#Абай175: Алматыда жазасын өтеп жатқандар ұлы ақынның өлең-жырларын оқудан жарысты
Одан бөлек, аталған мекемеге 100 кітап тарту етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына дайындық жалғасып жатыр. Бүгін Алматыдағы ЛА 155/6 мекемесінде де хакімнің мерейтойына арналған шара өтті. Оған Жетісу ауданы әкімдігі мұрындық болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Істі болып, мекемеде жазасын өтеп жатқандар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып жарысты. Ақынның қазақша-орысша жазылған кітаптары жеңімпаздарға жүлде ретінде берілді. Одан бөлек, аталған мекемеге 100 кітап тарту етілді.
«Осындай іс-шаралар алдағы уақытта да болады. Биыл тағы 1-2 рет өткіземіз. 2020 жылы хәкім, дана Абайдың 175 жылдығы болғандықтан Абай жылы аталады. Ол кезде де ауқымда шаралар өткіземітн боламыз», - деді ЛА 155/6 мекемесінің басшысы Ертай ШӘКЕНОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37