Алматыда Қорғаныс министрлігінің өкілдері «Барыс» базарын дезинфекциялады

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар карантин басталғалы бері қоғамдық орындарды залалсыздардырумен айналысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігінің өкілдері «Барыс» базарын дезинфекциялауға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олар карантин басталғалы бері қоғамдық орындарды залалсыздардырумен айналысып жатыр. Кезекті тазалық шарасына қанша адам жұмылдырылды? Қанша аумаққа химиялық қоспа себілді? Алдағы күндері кесте бойынша қай жақ тазаланбақ?

Бүгін Алматыда Қорғаныс министрлігінің 50 жауынгері Барыс базарын дезинфекциялауға шықты. Сауда орталығы түске дейін азық-түлік өнімдерін сататындықтан, залалсыздандыру кешкі уақытта басталды. 50-дей әскери тас түйін дайындалып, дереу іске кірісті.  Сондай-ақ, әрқайсысында 6 тонна арнайы сұйықтығы бар қос техника жұмылдырылды. Олар халық көп жиналатын орынды жақсылап тазалауы керек. Контейнерлердің беткі бөлігі, адамдардың қолы тиетін жерлердің барлығына назар аударылды. Жалпы әскерилер базардағы 6 қатардың бірінде қалдырмай дезинфекциялап шықты.

«Дезинфекцияға кіріскен күннен бастап жауынгерлер қорғаныс құралдары, формамен толықтай қамтылған. Тіпті жауынгерлер арнайы дайындалған. Олар қауіпсіздік шараларын да қатаң сақтайды. Әскерилер елдегі қиын сәтте қол ұшын созуға өздері ниет еткен. Айтуларынша, алдыларынан еш қиындық шықпапты», – деді қала бойынша арнайы өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрлыхан ЕРЕКЕШОВ.

«Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі Алматыда әлеуметтік маңызы бар 1700-ге жуық нысанға дезинфекция жұмыстарын жасады. Оның қатарында 13 базар, 32 медициналық мекеме, 31 мектеп, 65 балабақша және тағы да басқа ұйымдар бар. Және де жауынгерлер өзге де 5200 нысанды тазалап үлгерді. Оның қатарында 241 көше, мың жарымнан астам дүкен, 345 аялдама, 461 терминлар барын айта кету керек», – деді курсант Нұрлан ЛУГИНИН.

Жадыра Омаржан, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы


Новости партнеров