«Армандар орындалады» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлық табыс етілді

«Армандар орындалады» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлық табыс етілді
Бүгінде Медеу ауданы бойынша барлығы 3 498 мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуде тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жалпы, Медеу аудандық әкімдігінде ерекше күтімді қажет ететін жандарды қолдауға бағытталған 12 әлеуметтік жоба әзірленді. Оның 9-ы бүгінде жұмыс істеп тұр. Осы және өзге де мәселелер бүгін дөңелек үстел барысында талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Шараға «Медеу ауданының Ерікті мүгедектер қоғамы» және «Нұр Отан партиясының» өкілдері қатысты. Мақсат – мүгедектерге қолайлы жағдай жасау, кедергісіз орта қалыптастыру, қоғамдық, әлеуметтік ортаға бейімдеу.

«Айына 1 рет кездесіп тұрамыз, біраз мәселелер шешілді. Менің ойымша олардың әрқайсысы күрделі шаруалар. Қажеттілігі бар адамдардың көп қажеттілігі бар. Мысалы, үйден шыға алмайды. Қазақша айтқанда қу баспалдақ жүргізбейді. Соған пандус жасатуға қаражат бөліп жатырмыз», - дейді Қазақстан мүгедектер одағының төрағасы Әли АМАНБАЕВ.

Бүгінде Медеу ауданы бойынша барлығы 3 498 мүмкіндігі шектеулі жан тіркеуде тұр. Ал, қала бойынша олардың саны 44 мыңға жуық. Олардың барлығына жыл сайын мемлекет және кәсіпкерлердің қолдауымен жағдай жасалып келеді.

Новости партнеров