Есірткісіз болашақ: алматылық полицейлер ерекше пранк ұйымдастырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мұндай іс-шара нашақорлыққа тәуелділік мәселесіне қоғам назарын аудартып, заңсыздыққа жол бермеуге үндейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы-1 теміржол вокзалында есірткі сатумен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Алматылық полицейлер қолында сөмкесі бар күдіктіні иісшіл иттердің көмегімен құрықтаған. Кейіннен белгілі болғандай бұл әрекеттер жәй ғана сахналық көрініс екені анықталды. Тәртіп сақшылары республика көлемінде өтіп жатқан «Есірткісіз болашақ» акциясы аясында осындай пранк ұйымдастыруды ұйғарыпты.

Мұндай іс-шара нашақорлыққа тәуелділік мәселесіне қоғам назарын аудартып, заңсыздыққа жол бермеуге үндейді. Сондай-ақ науқан барысында қоғамдық орынға келушілерге арнайы бейнеролик көрсетіліп, нұсқаулықтар таратылыпты.  

«Бүгінде нашақорлық дендеп, әсіресе жастар арасында тарап бара жатқаны байқалады. Бұл біз үшін үлкен дабыл қағарлық жайт. Сондықтан балалар мен ата-аналар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүруде. Насихаттау, ескерту өте маңызды, бұл қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы», – деді қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Новости партнеров