Алматы халқы білікті шабандоздардың өнерін тамашалады

Шараға қатысушылар асылтұқымды ақалтеке, араб және ағылшын жылқыларын көзбен көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы маусымның жабылуына орай ұйымдастырылған шараға ең үздік деген жылқылармен тұрғындар жақынырақ танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараға қатысушылар асылтұқымды ақалтеке, араб және ағылшын жылқыларын жақыннан ұстап, тіпті суретке де түсуге мүмкіндік алды. Көрмеден соң арғымақтардың жылдамдығын әрі ептілігін тамашалады. Айта кетейік, келесі маусым 2020 жылдың мамыр айында ашылады.

«Біз осы маусымда екі жүздей атты сынақтан өткіздік. Олардың ішінде асылтұқымды Ақалтекеде әртүрлі кедергілерден секірді. Секіруден бөлек жылқылардың түрінен жәрмеңке де ұйымдастырдық. Ал балалардың жылқыны бейнелеу өнерінен өткен байқау тіпті тамаша. Бұл біздің жылдың соңғы жабылу шарасы десекте болады», - деді Алматы қаласы ипподромының директоры Юрий КИЩЕНКО.

Новости партнеров