Елімізде шахматтан дүниежүзілік онлайн олимпиада басталды

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан бәсі жоғары додаға әлемнің 160-тан астам елінен 1500-ге жуық спортшы қатысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін елімізде шахматтан дүниежүзілік онлайн олимпиада басталды. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан бәсі жоғары додаға әлемнің 160-тан астам елінен 1500-ге жуық спортшы қатысуда. Екі кезеңнен тұратын турнир арнайы ойын платформасында ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty.tv

Олардың арасында халықаралық шебер және гроссмейстер атанған жерлестеріміз Жансая Әбдімәлік пен  Рамазан Жалмаханов және Гүлмира Дәулетова бар. 

«Дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Осы сәтті пайдалана отырып, өзіме жеңіс, қарсыластарыма сәттілік тілеймін», – деді қатысушы Рамазан Жалмаханов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте жоғары болғандықтан, онлайн олимпиаданың топтық кезеңінен бастап өнер көрсетуде. 

«Біз алғашқы мықты командалардың қатарындамыз. Біздің орташа рейтингіміз 2446. Бұл өте жоғары деңгей. Қазір 5 топқа бөліп тастады. А, Б, В, С, Д және әр топтан 2 команда финалға шығады», – деді қатысушы Гүлмира Дәулетова.

Новости партнеров