|
15.11.2019 | 21:55
2849

Мұсылман қауымының қасиетті Мәуліт мерекесі тойлануда

Бұл айда Құран оқып, садақа беріп, қайырымдылық жасаған абзал болады дейді имамдар

Мұсылман қауымының қасиетті Мәуліт мерекесі тойлануда

Осы айда мұсылман қауымы адамзаттың ардақты тұлғасы Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келген күнін тойлауда. Мәуліт күнін атап өтудегі мақсат – пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарды имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мәуліт мерекесі – адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туған уақытына байланысты атап өтілетін ай. Бұл мереке дінде  әу баста болмаған, кейіннен мұсылмандар тойланабастаған. Алайда пікір екіге жарылып, бірі тойлау дұрыс емес десе, енді бірі еш артықшылығы жоқ дейді.  Көпшілік ғұламалар, имамдар да соңғы пікірмен келіседі.

«Кейбір азаматтар Мәуліт жайында дұрыс емес деген сөздер айтады. Шындығына келетін болсақ, Бұл – Мәуліт айы, негізі шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ. Бұл тойланса жақсырақ. Мысалы, оған дәлел ретінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Мен дүйсенбі күні ораза тұтам. Өйткені, мен дүйсенбі дүниеге келдім» дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің дүниеге келгенін, яғни, өзінің дүниеге келгенін бір құлшылыққа арнап жатыр. Оразаға арнап жатыр», - деді Әзірет-Сұлтан мешітінің ұстазы Дінмұхаммед СМАНОВ.

Шарапаты мол мәуліт айында Алла Елшісін (с.ғ.с.) жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсіну керек. Бұл ай адамдар арасындағы рақым мен мейірімнің, бауырмалдылық пен махаббаттың артуына себеп дейді дін өкілдері. Сондай-ақ мұсылман баласы шамасы келгенше шариғатқа негізделген барлық ғибадат-құлшылықтарды орындаса мол сауапқа кенелмек. Яғни құран оқып, садақа беріп, қайырымдылық жасаған абзал болады дейді имамдар.

«Пайғамбарымыздың өмірінде біз үшін, адамзат үшін толған өнегелер бар. Ол бізге таусылмас үлкен бір қазына. Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Шынында, сендер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» дейді. Пайғамбардан алатын өнегелер өте көп», - деді Әзірет-Сұлтан мешітінің ұстазы Дінмұхаммед СМАНОВ.

Мәуліт айындағы абзал амалдар:

-     Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту

-     Пайғамбардың өмірбаянымен танысу

-     Пайғамбарға ұқсау

Сонымен, діндарлар Мәуліт айында ең негізгі іс-әрекет амалдар - тектілердің төресі, асылдардың асылы дегдарлардың дүрі, Мұхаммед пайғамбарға салауат айтып, өмірбаянымен жіті танысып, оған ұқсауға ұмтылу керек дейді. Бұл Алла елшісіне деген махаббатымызды арттыратыны анық. Айта кетейік, осы айда мешіттерде пайғамбар сүннетін сақтау жайында жамағатқа мол мағлұмат беріліп, дініміздің тағылымдары туралы  үгіт-насихат жүргізілуде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

мұсылман
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир