№208 бағытта жүретін автобус «Кемел», «Көкжиек» шағын аудандарын аралап, «Райымбек батыр» метросына дейін қатынайды. Сондай-ақ былтыр ескірген №220 қоғамдық көлік қайта жаңарып, аялдамалар саны артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жетісу ауданының әкімі халыққа есеп беру кезінде ауданда тағы үш жаңа базар ашылатынын мәлімдеді. «Ялянда» - 400, «Рахатта» - 600, «Алатау» базарында - 250 жаңа сауда орны пайда болады. Тұрғындар қаланың шалғай саябақтарына барып сабылмауы үшін ауданда жаңадан 5 гүлзар құрылып, ескі аулалар қайта жөнге келтірілген.
«Қазір біз аудан бойынша 4 саябақтың құрылысына рұқсат алдық. Солардың бірі Боткин мен Казаков көшелерінің қиылысында орналасады. Саябақтың құрылысын жергілікті халықпен ойласып, бірігіп шешуді жөн санадық. Скверді түгелдей жүргіншілерге арналған, яғни көлік мүлде жүрмейтіндей етіп жасаған дұрыс па әлде ішінара аула ретінде жасаймыз ба? Оны сіздермен ақылдаса отырып шешуіміз керек», - деді Жетісу ауданының әкімі Мақсат ҚИҚЫМОВ.