|
06.12.2021 | 21:56
1046

Тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков дүниеден озды

Ақпаратты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі растады

Тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков дүниеден озды bugin.kz

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Талас Омарбеков өмірден озды. Ақпаратты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында туған. ҚазПИ-ді бітірген (1971). Еңбек жолын Жуалы және Байзақ аудандарында орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1980-2001 жылы ҚазПИ-де, Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтында, "Ақиқат" журналында, Қазақ ұлттық университетінде ғылыми-педагогикалық, шығармашылық қызметпен айналысты. 2001 жылдан ҚазҰУ-дегі ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болды.

Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды ұлттық көзқараста зерделеп, Отан тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді. Қазақстанда сталиндік тоталитарлық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген алғашқы отандық тарихшылардың бірі болды. Ол 20 ғасырдың 1920-1930 жылдары Қазақстанда байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, сол тарихи кезеңде орын алған халық наразылықтарына жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир