|
03.06.2022 | 12:19
1967

Мемлекеттік рәміздер тарихы

Елтаңба, Ту және Гимн жобаларын жасауға конкурс жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысқан

Мемлекеттік рәміздер тарихы Егемен Қазақстан

Ту, Елтаңба, Гимн. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Ұлттық нышандар –халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тәуелсіздігін енді жариялаған еліміз үшін мемлекеттік рәміздерді қабылдау расында да жеңіл бола қойған жоқ. Ұлттық нышандар, әсіресе, тарихи, саяси және экономикалық тұрғыда сәйкес келуі тиіс болды. Алдымен 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес жұмыс тобын құру туралы қаулыны қабылдады. Көп кешікпей Елтаңба, Ту және Гимн  жобаларын жасауға конкурс жарияланып, оған 600-ден астам адам қатысқан екен. Байқауға Гимннің 750 нұсқасы ұсынылыпты.

Тәуелсіз ел тарихында мемлекеттік гимн екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. «Менің Қазақстаным» патриоттық әнін Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әнұранның анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Бүгінде дамыған елдермен терезесі теңескен еліміз жан-жақты дамып, спортшыларымыз да әлемдік деңгейде танылып жатыр. 

Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғары оқу орындарында да, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында да көрнекті орындарға орналастырылған. Балабақша бүлдіршіндері оң қолдарын жүрек тұсына қойып «Менің Қазақстанымды» шырқағанда ерекше бір сезімге бөленіп, жігерленіп қанаттанатынымыз да рас. Бұл ел болашағы – жастардың өз Отанын, өз жерін, өз елін қорғауға деген сезімін оятып, сенімін нығайтатыны даусыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир