|
22.04.2020 | 22:00
22009

Төтенше жағдай: Коммуналдық көмекке кімдер қол жеткізеді

Карантинге жабылған қалалардың азаматтарына коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге көлемінде төлем тағайындалды

Төтенше жағдай: Коммуналдық көмекке кімдер қол жеткізеді ашық дереккөз

Елімізде төтенше жағдайға байланысты карантинге жабылған қалалардың азаматтарына коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге көлемінде төлем тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша берілетін коммуналдық көмекке кімдер қол жеткізеді? Талаптары қандай?

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрмені бойынша аталған көмек карантин аяқталғанға дейін беріледі. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев, өтініш беруге асығудың қажет жоқ екендігін айтты. Себебі төлемдер сәуір айының шығындары мамырда, ал мамыр айының шығындары маусымда төленетінін түсіндірді.  

«Мысалы, ай сайын сізге 10 мың теңге келетін болса, берілген 15 мың теңге сіздердің өз есепшотыңызда қалады. Яғни, ол түбіртектегі артық ақшаны сәуірден, мамыр айнына бөлек паайдалануға болады. Ол ақша қайтарылмайды», –  деді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.

15 мың теңге көлеміндегі төлемді алдымен, 1-2 және 3-топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады. Сондай-ақ, көп балалы отбасылар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне беріледі. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтау кезінде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары, ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер және соңғысы атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлерге беріледі.

«Осы 15 мың теңгеге кіретін қызмет саны – бұл біздің тұрғын үй заңына сәйкес бұл жерде жылу, су, электр энергиясы, газ, қоқыс шығару  және шаруашылық кіреді. Басқа қызмет түрі бұл өтеуге жатпайды», – деді қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет МАСАБАЕВ.    

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық төлемдерді кейінге шегеру туралы тапсырған болатын. Бір ғана Алматы су холдингіне шамамен 700-ден астам өтініш келіп түскен. Ондағы арыздардың барлығы ешқандай талапсыз қарастырылады, яғни кез-келген алматылық төтенше жағдай кезіндегі төлемді шегеруге өтініш бере алады.

«Біздің ресми almatysu.kz сайтымызда арнайы бөлімше бар. Сол жерге кез келген тұрғын өтініш жазып қалдырса болады. Сонымен қатар, айппұлға қатысты сұрақтар туындап жатыр. Ешқандай да қосымша айыппұл салынбайды және тұтынушы өзі қанша пайдаланды сонша судың ақысын төлейді», –  деді  «Алматы Су холдингі» МКК қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота ЖЫЛЫСОВА.

Айта кетейік, Алматыда арнайы колл-орталық іске қосылған. 341-05-27 нөміріне хабарласып, толғандырған сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады. Өтінішті де сонда бересіздер. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөміріңізді операторға айтсаңыз жеткілікті. Еске салайық, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, коммуналдық қызмет үшін берілетін 15 мың теңге алдымен карантинге жабылған қалалардың тұрғындарына беріледі.

Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир