Алматының 8 ауданында Балаларды қорғау күніне орай көпбалалы мен аз қамтылған отбасылардың балалары үшін іс-шаралар өтті. Балаларды кинотеатр, спектакльге шақырып, мұражайға экскурсиялар ұйымдастырылды, балмұздақ пен тәттілер таратылды. Алматылық балалар байқауға қатысып, көңілді уақыт өткізді, деп хабарлады Almaty.tv Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша биыл Алматы қаласы Түрксіб ауданының №30 кітапханасында асфальтта сурет салу байқауы үлкен мерекенің бір бөлігі болды. «Көңілді балалық шақ елінде!» кітапхана қызметкерлері өздерінің жас оқырмандары үшін конкурсты осылай атады.
Жас суретшілер мен кітапқұмарлар өздерін, отбасы, сүйікті кітап, үй, ертегі кейіпкерлерін түрлі-түсті бояумен бояды. Үздік жұмыстардың авторлары сыйлықтармен марапатталды.
Асфальттағы суреттер байқауының бір жеңімпазы, мектеп оқушысы Алуа Бейсенқұл болды. Оқушылардың айтуынша, биылғы жазғы демалыс жақсы басталды. Олар достарымен бірге бос уақытын кітапханада өткізеді екен.
«Біз күндіз кітапханада детектив, шытырман оқиғалы әңгімелер оқимыз. Бүгін біз үшін әдемі байқау ұйымдастырылды. Мен сурет салғанды ұнатамын, сондықтан қатысуға бірден келістім. Менің жаз туралы суретім, жылдың сүйікті уақыты, мен бәрін маскасыз, сау және әдемі етіп боядым. Бұл сурет коронавируссыз жаз...», – деді Алуа Бейсенқұл.
Сол күні Алатау ауданында мұқтаж отбасылардың балалары үшін де бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. «Алатау» кинотеатрында балаларға мультфильм, балаларға арналған "Ғұмыр" спектаклі көрсетілді.
Театрдың жас көрермендерінің ішінде 10 жасар Сымбат Қуанышбек болды.
«Бұл спектакль қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы, актерлер ата-бабаларымыздың бала кезінде қандай ойындар ойнағанын көрсетті. Мен көп нәрсені білдім», – деді Сымбат.
Мультфильм мен спектакльді көргеннен кейін мерекенің барлық қатысушыларына балмұздақ берілді.
Сондай-ақ, Алматы мұражайларында Қазақстан тарихының жас әуесқойлары үшін арнайы экскурсиялар ұйымдастырылды. Балаларға мультимедиялық түрде сирек экспонаттар көрсетіліп, мұражай залдарында өткізілді.
Алматының әрбір шағын ауданында жергілікті атқарушы органдар аулаларда, ойын алаңдарында мереке ұйымдастырды. Мысалы, Шаңырақ шағын ауданында ұлдар мен қыздар балмұздақ алды.
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы әкімдік мамандар мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың «Family» отбасылық демалыс саябағына аттракциондарға сапарын ұйымдастырды. Балалардың арасында ата-аналары есепте тұрған адамдар болды, сондықтан көбінің бұрын Алматыдағы танымал демалыс орнына баруға мүмкіндігі болмады.
Әкімдіктің қолдауының арқасында балалардың арманы орындалды, олар роликпен сырғанап, «Лифттің» барлық жылдамдығын сезініп, «Түймедақ» деген не екенін білді.
«Сарыарқа» кинотеатрында, «Москва» СОО-да мультфильмдер тегін көрсетілді, ал Қазақстан жазушылары кітапханасында «Кәмпитті жеген кім?» деген кітаптың тұсауы кесілді.
Н.Сац атындағы театр жас көрермендерін күні бойы тегін қойылымға күтті. Ал №6 Оқушылар үйінің жанында концерттік-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Балалар Алмалы ауданының аулаларында ұйымдастырылған «Біздің жаздың эстафетасы» атты шарада күш пен ептілікті көрсете алды.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалған жоқ. «Сосновый» скверінде олар үшін іс-шара өткізіліп, сыйлықтар тапсырылды.
Медеу ауданында мемлекеттік Орталық мұражайда экскурсия өткізді, содан кейін «Арман» кинотеатрында барлық балалар жаңа мультфильмді тамашалады.
Бостандық ауданында балаларға арналған ойын-сауық туралы Мемлекеттік өнер мұражайы Ә.Қастеев қамқорлық жасап, экскурсия ұйымдастырды. Сондай-ақ, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған спектакльдер қуыршақ театрында ұйымдастырылды. Жүзден астам бала хайуанаттар бағына тегін барып, көптеген әсер алды.
1 маусымдағы ең басты жеңілдік барлық балалар мен оқушылар үшін Алматының автобустары мен троллейбустарында тегін жүру мүмкіндігін алды.