«URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Фото: Бауыржан Жуасбаев
Фото: Бауыржан Жуасбаев
Бүкіл жеңімпазға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Аталмыш байқау баспа, радио, интернет-журналистика саласы қызметкерлерінің арасында дәстүрлі түрде 5-рет өткізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл жеңімпазға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша марапатталды. Оған биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы қосылды. Журналистерден жалпы саны 340 жұмыс келген. Ал, үздік жұмыстарды беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мен халықаралық медиасарапшылардан құрылған қазылар алқасы анықтады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал номинациясын алып отырмын. Мен жалпы материалдарымның ішінде тәуелсіздіктің 30 жылдықтың ішінде жеткізілген жеткістіктеріміз, экономика, білім, ауылшаруашылық әр саланы қамтыған материалдар сериясын жіберген болатынмын. Материалды әділ бағалаған, бізге осындай мүмкіндік берген әділ қазыларға, біздің министріміз Аида Ғалымқызына алғысым шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын», – деді «URKER-2021» ұлттық байқауының жеңімпазы Риза Молдашева.

Новости партнеров