Офицерлер үйінің жөндеу жұмысына Алматы әкімдігінің ешқандай қатысы жоқ

yandex.kz
yandex.kz
Медеу ауданының әкімі әлеуметтік желілердегі видеоға қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Офицерлер үйінің жөндеу жұмысына Алматы әкімдігінің ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябағының шығыс жағында орналасқан Офицерлер үйі ғимаратының алдындағы бөлшектелген плиткаларға қатысты әлеуметтік желілердегі видеоға түсініктеме берді.

- Алматы қаласының әкімдігі бұл ғимараттың теңгерім ұстаушысы емес, ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының меншігінде. Тіпті әкімдік жүріп жатқан жұмыстарға тапсырыс беруші де емес. Сонымен қатар, біз бастапқыда жоспарланған жөндеу туралы Офицерлер үйінің ғимаратына қарайтын  жертөле шатырында жүріп жатқан жұмыстар туралы білеміз. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң плиткаларды қайта орындарына қою жоспарланған. Оның жасыл аймаққа ұқыпсыз қойылуына байланысты бүгін мердігерлік ұйымға әкімшілік айыппұл салынды. Енді оны жаяу жүргіншілер бөлігіне мұқият ауыстырып, алдағы күндері оны төсеуге кіріседі. Алматылықтардан бейнеүндеулерді жарияламас бұрын, жүріп жатқан жұмыстар туралы шынайы ақпаратты әкімдікке хабарласып, білуді өтінемін, - деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Новости партнеров