|
29.10.2020 | 18:37
5734

Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

Байқауға 408 автор 600-ге жуық еңбегін жолдапты

Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды akalam.kz

Алматыда «Алтын қалам – 2020» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. Байқауға қатысқан Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Моңғолия және Орталық Африка елдерінің қаламгерлері детектив, проза, поэзия, сатира жанрлары мен балалар әдебиеті бойынша үздік жұмыстарын жолдаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шығармашылық додада бақ сынаған авторлардың шығармалары akalam.kz сайтында жарияланып, оқырмандар алты ай бойы дауыс берген болатын. Оза шапқандар әр номинация бойынша марапатталып, кейбірі, тіпті, қосымша қаржылай сыйақы иемденді. Жалпы байқауға 408 автор 600-ге жуық еңбегін жолдапты. Қазақ әдебиетін насихаттауға бағытталған бұл шара он бірінші рет өткізіліп отыр.

«Негізі бұл конкурсты ұйымдастырудағы басты мақсат –  ең алғаш рет ол мына қаладағы дүкендерге барсақ бүкіл сөрелерде орыс тіліндегі, шетел тіліндегі басылымдар болатын. Ал қазақ кітаптар бір жетім қыздың жүгіндей бұрышта тұратын. Соны көріп, көңіліміз құлазитын. Неге біз өз елімізде тұрып, неге қазақ кітаптары ең бір бұрышта тұруы керек деп. Содан қазақ әдебиетіне жұрттың назары аударайық деп осы конкурсты қолға алған болатынбыз», – деді «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің ұйымдастырушысы Кенже Жұманұлы.

Ал Моңғолиядан келген Макинара Хайрим үшін бұл сайыста жеңімпаз атану күтпеген жағдай болған көрінеді. Айтуынша, мұндай байқаулар авторларға шығармашылық шабыт беріп, алға жетелейді.

«Жаңадан жазған шығармамды емес, ескі шығармамды сайтқа жүктедім. Бірақ жеңемін деп ойлаған жоқпын. Өте қуаныштымын. Осындай бізде «Алтын қалам» сияқты жобалар көбейе берсін», – деді «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясы бойынша жеңімпаз Макинара Хайрим.


Жеңімпаздар тізімі:

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ

«Сен ғана». Макинара Хайрим.  Астана.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ

«Өлім гүлі немесе қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі». Ертай Айғалиұлы. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ

«Түпән талып қалды»     - Алпысбай Хонж. Павлодар.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ

«Әкім келе жатыр».  Қундық Түменбай. Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ

«Өмірзая. Қайтпас оқиғасы».  Сайлау Төлеуов. Семей

«ДАРАБОЗ» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА

«Телқасқа».  Алпысбай Хонж. Павлодар.

«ҮЗДІК ҚАЗАҚ РОМАНЫ»  

«Қарақуыс» романы. Заман Төлеуов. Алматы

ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА

«Нет любви». Сейтжан Жанар. Астана.

ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА

«Украденный подвиг».  Смагулова Зайни. Акмолинская область.

ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА «ДАРАБОЗ»

«Карантинные человечки».  Ксения Земскова и Елена Клепикова. Алматы.

4. ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА НА ПРИЗ ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ

«Триллеротопия». Ақиқат Рас. Алматы

5. ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВ ГОДА

«Свет».  Люльчак Светлана. Алматы.

6. ЛУЧШИЙ КИНОСЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА

«В шаге от самого себя». Сарсембаев Мансур. Астана.

7. «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН»

Төлен Әбдік марапатталды

Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде –

1  000 000 млн теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды.  Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды.  Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені  балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир