Алматыда оңалту орталығындағы балалар жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды

Алматыда оңалту орталығындағы балалар жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды
Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі ойындар ойнатылып, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өмірде қиын жағдайларға душар болған және қоғамдық салтанатты кештерге өздігінен қатыса алмайтын бүлдіршіндерге жаңа жылдық «қайырымдылық шыршасы» ұйымдастырылып, сыйлықтар мен тәттілер таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен түрлі ойындар ойнатылып, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында өткізілген кештің мақсаты - жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан, психикалық ауытқулары бар немесе церебральды сал ауруынан ем алып жүрген балаларға қолдау көрсету еді.

«Мұндай шаралар біздің балаларға өте қажетті. Олар үшін біздің өз күшімізбен өткізген осындай шаралар біздің балаларымыздың көңілін көтеріп, аз да болса, оларға дәрістеріне дәріс қосады. Бұл жерде көбінесе неврологиямен ауыратын балалар болғандықтан, олардың көңіл-күйін көтеріп, оларға біразға дейін жақсы әсер қалдырады», - деді қалалық балаларды оңалту орталығының балалар дәрігері Қалдыгүл БАЙТҰРСЫНОВА.

Новости партнеров