Алматыда қызды ақша үшін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда  қызды ақша үшін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Валерия Погребнякты өлтірді деген айыппен Владимир Братищев 15 жылға бас бостандығынан айрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жыл басында жоғалып кеткен Валерия Погребняктың өліміне қатысты сот үкімді енді шығарды, деп жазады Stan.kz.

Сот Владимир Братищевті қатаң режимдегі колонияда 15 жылға жазасын өтеуге үкім шығарды.

Валерия Погребняк 19 қаңтарда жоғалып кетті. Сағат 11-де ол жігітімен бірге Қарасай ауданының Мерей ауылынан Алматыдағы «Апорт» сауда орталығы жағына кетті. Владимирдің айтуынша, қыз бен жігіт ол жерде сағат 17.00 кешкі 18.00-ге дейін болған.

Жедел іс-шаралар барысында Братищевтің қыздың жоғалып кетуіне байланысы бар екені белгілі болды: тергеу барысында ол қызды өлтіргенін мойындап, денесін жасырған жерін көрсетті. Ол қыздың ата-анасына Валерияны қалаға шығарып салғанын айтқан.

Кейін Владимирдің қыздан 110 мың теңгесін ұрлап алып, қайтып бермегені белгілі болды. 19 қаңтарда марқұмның күдіктімен сөйлескен хатының мазмұнына сәйкес, сол күні ақшаны қызға қайтаруы тиіс болған. Әйтпесе, Валерия ұрлық туралы ата-анасына айтатынын ескерткен. 

24 шілдеде сот процесі аяқталып, үкім шығарды.

«Процесс өте ұзақ болды. Дәлел көп болған жоқ, жалғыз айғақ - марқұмның телефоны. Біз оның телефонынан жазылған хаттарды қайта қалпына келтірдік, содан кейін оның кінәсінің барлық дәлелі табылды. Ұялы телефонынан барлық хабарламаны өшіргендіктен, ол кінәсін мойындамады. Ақшаны ұрламағанын айтты. Сот ақша ұрлауды кісі өлтірудің себебі ретінде қабылдады. Хат-хабарда оның ақшаны ұрлап, қайтармағаны анық айтылған. Күдікті қыздың әмиянын құжаттарымен қосып өртеп жіберген. Бастапқыда қылмыскер қызды қызғаныштан өлтіргендей етіп жасағысы келді. Оның жазасы 8 жыл. Бірақ телефон көмегімен бәрі дәлелденді және сот оны кінәлі деп таныды», - дейді марқұмның тәтесі Анастасия Хасанова.

Туыстарының айтуынша, Братищев үкімге бейтарап қараған. Братищевтің өзі сот отырысында қыңырлық көрсеткен. Соған қарамастан, айыпталушы тарап шағымданғысы келеді.

«Сотта ол агрессивті әрекет етті, күліп отырды, жүзінде мүлдем өкініш болған жоқ. Ол тіпті прокурормен дауласып, ескертулерге күлді. Сот үкімі шығарылғанға дейін ол ата-анасынан бұрылып, адвокаттың айтуымен судьяға марқұмның анасын кешіруді сұрайтынын айтты», - дейді марқұмның әпкесі.

Кейбір мәліметтер бойынша, қыздың мойны 18 рет пышақталып, содан кейін тұншықтырылған.

Новости партнеров