Қарағанды облысында белгісіз біреулер журналисті аңдып, үйіне кірмек болған

Қарағанды облысында белгісіз біреулер журналисті аңдып, үйіне кірмек болған
Ол өзін Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкері деп таныстырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

30 шілде күні Қарағанды облысынан хабар тарататын Азаттық тілшісі Елена Вебердің  үйіне өзін Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкері деп таныстырған әйел кірмек болған. Ол Жұлдыз Жубасбаева деген қызметтік куәлігін көрсеткен. Вебердің айтуынша, үйге келген азамат журналистің жеке басы мен отбасына қатысты деректерді сұраған. Тілші ақпарат беруден бас тартқан.

Қоштасып шығып кетсе де, әлгі әйел үй маңында торуылдап жүрген. Қала берді, Вебердің көршілерінен оның отбасы мүшелеріне қатысты мәлімет сұраған. Содан соң Елена Вебер камерасын қосып, оның кім екенін сұрағанда, әйел бетін жауып, сұрақтарға жауап беруден бас тартқан. 

«Біраздан соң оны белгісіз азамат алып кетті. Екеуі де камерадан жүзін бүркемелеп жатты. Әйелді алып кетуге келген ер кісі де өзін «әкімдік қызметкеріміз» деп таныстырды. Екеуі не мақсатпен жүргендерін айтпастан, кетіп қалды» – дейді Елена.

Әлгі әйел кеткен соң журналист облыстық әкімдікке хабарласып, «Азаматтарға қатысты деректерді анықтауға қызметкерлерді жібердіңіздер ме? Әкімдікте «Жұлдыз Жубасбаева» есімді азамат жұмыс істей ме, жоқ па?» сұраған. Әкімдік ешкімді жібермегенін, тілші айтқан күдіктілердің өздерінде істемейтінін айтқан.

 Дереккөз: sn.kz

Новости партнеров