Арнамыздан көмек сұраған зейнеткерге еріктілер қол ұшын созды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Студенттер әжейдің үйіне аптасына бірнеше рет келіп, тұрмыстық шаруаларды реттеп, қолғабыс болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арнамыздың Akimat Live бағдарламасына хабарласып, көмек сұраған зейнеткерге бүгін еріктілер қол ұшын берді. Кейуана өзінің денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиындап, көмекке мұқтаж екенін айтқан еді. Енді волонтерлар қарияның хәлін үнемі назарда ұстаймыз деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Студенттер әжейдің үйіне аптасына бірнеше рет келіп, тұрмыстық шаруаларды реттеп, қолғабыс болады. Бұған дейін зейнеткерге әлеуметтік қызметкер тек аптасына бір рет қана келіп көмектесетін еді. Бірақ қария күнделікті көмек керек екенін айтқан.

«Біршама жұмыстарды атқарған болатынбыз. Мысалы қарттар үйіндегі, ардагерлер үйіндегі ата-апаларды қыдырту немесе ауласын, үйін тазалуға көмектесу немесе дәрі-дәрмекпен көмектесу сияқты іс-шараларды жүргізіп жатырмыз. Жалпы, еріктілердің барлығы осы Алматыдағы студенттер болып табылады», - деді «Жас Отан» жастар қанатының жоба үйлестірушісі Дина САДУОВА.

«Мен сияқты апаларына көмектескен жастарға мың да бір рахмет, алға қойған мақсаттарына жетсін», - деді Мәрияш ІЗБАСАРОВА.

Новости партнеров