Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі 16 тамыз күні сағат 10:00-де "Ғылым ордасында" өтеді. Бұл туралы белгілі журналист Ермұрат Бапи өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен қоштасу рәсімі 16 тамыз күні сағат 10:00-де "Ғылым ордасында" (Ғылым академиясының ғимараты, Құрманғазы көшесі, 29 Уәлиханов көшесінің қиылысы) өтеді.
Жаназалық асы сағат 13:00-де "Жалын" мейрамханасында (Достық даңғылы, 304) беріледі. Қонақасы ертең - 15 тамызда сағат 19:00-де сол мейрамханада өтеді",- деп жазды Е. Бапи.
Балташ Тұрсымбаев Қазақ КСР-і премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылық министрі, Қостанай облысы әкімі қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, еліміздің Түркиядағы елшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінде болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.