Алматыда «Жолда және аулада қабылдау» акциялары өтіп жатыр

Алматыда «Жолда және аулада қабылдау» акциялары өтіп жатыр
Осы жылдың сәуір айынан бастап, құқық қорғау органдарына 7000-нан астам адам өтініш түсірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоба аясында полиция қызметкерлері тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық істер бойынша кеңес береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Әсіресе, жұртшылықты алаңдататыны жол қозғалысына қатысты мәселе екен. Атап айтқанда, бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату, жол сызықтарын жақсарту, көліктерді тіркеуге қою, жүргізуші куәлігін алу сияқты сұрақтар. Осы жылдың сәуір айынан бастап, құқық қорғау органдарына 7000-нан астам адам өтініш түсірген. Олардың біразының мәселесі сол жерде-ақ шешілген екен.

«Акцияда тек әкімшілік полиция қызметкерлері ғана емес, жергілікті полиция қызметкерлері, миграция полициясының қызметкерлері, тергеу басқармасының қызметкерлері отырып, сол жерде арыз қабылдап, шешім шығарып отырды. Сондықтан халық ризашылығын білдіріп, осы акцияның жалғасуын Ішкі Істер министрлігінен сұрағаннан кейін жылдың аяғына дейін жалғастырып отырмыз», - деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос МҰРАТАЛИЕВ.

Новости партнеров