Алматыда 4 тегін мұз айдыны ашылды

Алматыда 4 тегін мұз айдыны ашылды
Қала басшылығы оған қажетті барлық қызмет көрсету инфрақұрылымын да ескерген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тегін мұз айдындары тұрғындардың сүйікті демалыс орындарына айналды. Биылғы жылы әлеуметтік жобаның шеңберінде сырғанау алаңдары қаланың орталығында ғана емес, шеткі аудандарда да ашылған болатын. Олар Наурызбай ауданы әкімдігінің алды мен Түрксіб ауданындағы «MART» сауда үйінің алдында орналастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал Тұңғыш Президент саябағы мен 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мұз айдыны алаңы ерекше орындалған, үйреншікті төртбұрышты пішінде емес, аллея секілді жасалған. Қала басшылығы мұз айдыны алаңын дайындау кезінде оған қажетті барлық қызмет көрсету инфрақұрылымын да ескерген.

«Қазірдің өзінде керемет жаңа жылдық көңіл-күй сезіледі. Бәрі әдемі. Қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтаймын», - деді бір тұрғын.    

«Қаламыз өте әдемі. Мынау мұз айдыны да жақсы жасалған. Халық үшін әрдайым осындай жақсы дүниелер жасала берсін!», – деді келесі бірі.

Айта кетерлігі, мұз арнайы салқындатқыш машиналардың көмегімен қалпын сақтап тұрмақ. Сол себепті Алматының құбылмалы ауа райы мұздың еріп кетуіне кедергі келтірмейді. Сырғанау алаңдарының жалпы аумағы шамамен 12 мың шаршы метр.

Новости партнеров