Қазақстанда WhatsApp мессенджері істемей тұр
Мессенджер жұмысының ақаулығы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа қалаларда байқалуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның бірқатар қалаларында WhatsApp мессенджері дұрыс жұмыс істемей, проблема туғызып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біреулер медиафайлдарды не қабылдай алмай, не жөнелте алмай қиналғанына шағым айтса, енді біреулер WhatsApp компьютерден ашылмай тұр дейді.
Downdetector сайтының дерегінше, мессенджердің істен шығуы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа да қалаларда байқалуда.
Алайда downdetector сайтындағы комменттерге қарағанда, WhatsApp тек Қазақстанда ғана істемей тұрған жоқ. Таңнан бері шағымдар Америка, Ұлыбритания, Румыния, Мальтадан келуде. Жұрт негізінен Whatsapp Web жұмысына шағымдануда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37