|
26.02.2020 | 20:38
5585

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы ардагері жазған хатқа жауап берді

Президенттің сәлемдемесін Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев табыс етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы ардагері жазған хатқа жауап берді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жоңқабаевтың жазған хатына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Майдангер хатта Ішкі істер министрі  Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы ұйымдастырып жатқан «Біз –  Жеңістің мұрагеріміз!» атты тағзым эстафетасы үшін алғыс айтқан болатын. Калининград майданында, Москва түбіндегі және Ржев шайқасына қатысып, алапат соғыстың бар тауқыметін көрген 99 жастағы ардагерге Президенттің сәлемдемесін Ұлттық ұлан «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник  Ниязтай  Әлкешев табыс етті. Ардагер барлығына алғыс айтып, батасын берді.    

«Республикамыз дами берсін, экономикамыз дами берсін, елімізде тыныштық болсын, басқа мемлекеттермен тереземіз тең болсын, үлкен жақсылық тілеймін, амандық, тыныштық тілеймін», – дейді Ұлы отан соғысының ардагері Қайырлы ЖОҢҚАБАЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир