Мақсат – несиесін өтей алмай жүрген адамдарға жаңа кредит беруді шектеу және халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу
2025 жылғы 7 қарашада қабылданған қаулыға сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақсат – несиесін өтей алмай жүрген адамдарға жаңа кредит беруді шектеу және халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алу.
Қаулы бойынша, соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қазақстандықтар үшін борыш жүктемесінің коэффициенті 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Яғни банктер мұндай адамдарға бұрынғыдан аз мөлшерде кредит береді.
Бұдан бөлек, мына талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізіледі:
Бұл өзгерістер осы жылы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді: азық-түлік қоржынына жан-жақты талдау жүргізілмек