25 млрд теңге салынған: Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv..

Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.

"Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайларда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қала прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, жылдам және кепілдендірілген табыс табу уәделеріне сенбеуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

 

Новости партнеров