Күдіктілер ұсталды
Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kursiv.kz-ке сілтеме жасап
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы келді. Алғашқы іс-шаралар барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, нәресте тіршілік белгілерінсіз туған», – делінген хабарламада.
Күдіктілер ұсталды. Олар баланың тірі туылмағанын, ал күйзелістен кейін осындай қылмысқа барғандарын мәлімдеді. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған қала тұрғыны анықталды.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Оқи отырыңыз: Екеуі жарақат алды: Құлсарыда оқушы сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған