5 қыркүйек – Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні

t.me/EcologyofQazaqstan
t.me/EcologyofQazaqstan

Бұл жұмыстың басым бөлігі дала мен орманды алқаптарда жүргізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстанда Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Кәсіби мереке табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға үлес қосып жүрген мамандарға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv

Аңшылық шаруашылығы қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі – жануарлар дүниесін қорғау, олардың санын есепке алу және мониторинг жүргізу.

Сонымен қатар мамандар браконьерліктің алдын алып, аңшылық алқаптардағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға атсалысады.

Бұл жұмыстың басым бөлігі елдімекендерден шалғайдағы дала мен орманды алқаптарда жүргізіледі.

Мамандар ұзақ бағыттарға шығып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан рейдтер мен тұрақты бақылау жұмыстарын атқарады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз: Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады