50,5 градус ыстық: қызыл жалын Антальяға жетті

Almaty.tv
Almaty.tv

Аймақта 3,6 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жерорта теңізінің жағалауындағы елдер от пен аптаптың арасында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv 

Грекияда ауа температурасы 42 градусқа дейін жетіп, Афина маңында жаңа өрт ошақтары пайда болды. Түркия да рекордтық 50,5 градус ыстықты бастан кешіп жатыр. Мұндағы Бурса провинциясында 2 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 14 адам, соның ішінде орман қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қаза тапты. Қызыл жалын күшейіп, Мерсин мен Антальяға да жеткен. Аймақта 3,6 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жалын туристік аймақтарға жақындап қалған. Әсіресе, Бодрум мен Мармарис маңында қауіп сейілмей тұр. Өртпен бірге желдің екпіні де артқан. Ел билігінің мәліметінше, жағдай ушығып, осы қарқынмен жалғасса, туристер эвакуацияланады.

Оқи отырыңыз: Толассыз жаңбыр: Бейжіңде 80 мыңнан көп тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді

Новости партнеров