Толассыз жаңбыр: Бейжіңде 80 мыңнан көп тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді

Almaty.tv
Almaty.tv

ҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрғындар кісі қолынан қаза болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай астанасы Бейжіңді толассыз жауған жаңбыр басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су тасқыны жолдарды шайып, үйлерді зақымдаған. Ресми дерек бойынша, 30-дан астам адам қаза тауып, 80 мыңнан көп тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ал Чэндэ қаласында дүйсенбі күні болған көшкіннен тағы 8 адамның өмірі қиылды. Алдағы күндері елдің солтүстік аймақтарында нөсер толастамайтыны болжанып отыр. Мұндай жағдайда Қытай төрағасы Си Цзиньпин құтқару жұмыстарына бар күшті жұмылдырып, ең күрделі жағдайға дайын болуды міндеттеді.

Ал АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрғындар кісі қолынан қаза болды. Дүйсенбі кешкісін Лас-Вегастан келген 27 жастағы Шейн Тамура Манхэттендегі биік ғимаратқа баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырған. Салдарынан төрт адам қайтыс болды. Құрбандардың бірі – қауіпсіздік қызметінде болған полиция қызметкері Дидарул Ислам. Ал осынша адамның өмірін қиған қылмыскер кейіннен өзіне қол салды. Тергеушілер оның психикалық ауытқуы болғаны анықтап отыр.

Оқи отырыңыз: Биыл Жамбыл облысында жол апатынан 84 жолаушы жан тапсырған

Новости партнеров