Абай облысында 49 рет жол ережесін бұзған адам ұсталды

стоп кадр/ ҚазАқпарат
стоп кадр/ ҚазАқпарат

Заң талаптарын елемегені үшін оның көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысы полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде 49 рет жол ережесін бұзып, 1,2 миллион теңге айыппұлға ие болған Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісін ұстады. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол ережесін жиі бұзған жүргізуші анықталды.

Заң талаптарын елемегені үшін оның көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды.

— Полиция қызметкерлері жол ережелерін жүйелі түрде бұзу жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Ережелерді өрескел бұзушыларға қатысты көлікті тәркілеуге дейінгі қатаң шаралар қолданылады, — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Павлодарда терезеден матамен түспек болған студенттер құлап кетті

Новости партнеров