Сот шешімімен сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Абай облысы Жарма ауданында 8 жасар қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы сот ісі облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
"М. есімді азаматқа кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша айып тағылған. 2024 жылдың тамыз айында Шар қаласында болды. Сол кезде қыз 8 жаста еді", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сот шешімімен сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Алматыда қиын жағдайға тап болған 652 азаматқа қолдау көрсетілді