Жазушы, сатирик Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

t.me/madenietaqparat
t.me/madenietaqparat

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 

Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Өнегелі өмір: Алматыда Иса Байзақовтың кітаптарының тұсауы кесілді

Новости партнеров