Алматыда Абайдың 180 жылдығын қорытындылаған ғылыми кеңес өтті
Алматыда Абайдың 180 жылдығын қорытындылаған ғылыми кеңес өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ұйымдастырылған жиынға Оқу ағарту және Жоғары білім вице-министрлері, Президент Әкімшілігінің өкілі, Алматы қаласы мен облысы әкімдерінің орынбасарлары, оқу орнының ректоры мен әр өңірден келген Ішкі саясат басқармасының басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шарада мерейтой аясында әл-Фараби атындағы қара шаңырақта «Абайдың кісілік кодексі» және «Абай ілімі» оқу пәндері әзірленіп, білім беру процесіне енгізілгені белгілі болды. Ал кеңейтілген Ғылыми кеңес шешімімен университетте дайындалған «Абайтану антологиясы» электронды зияткерлік ресурстар базасы, «Абай ілімі» оқу пәні, Абайдың кісілік кодексі мен Абай таксономиясы ҚазҰУ-дың зияткерлік меншігі ретінде бекітілді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, шынында да Абай біздің рухани реформатор, ол рөлін Әділ Қазақстанда ылғи басым түрде айтып отыруымыз керек. Осы бағытта бүгін ҚазҰУ-де үлкен кеңесте осы мәселеге тағы бір назар аударылды. Бүгінгі ғылыми кеңестің маңызы нақты ұсыныстар айтылды», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ләйлә Мұсалы.
Оқи отырыңыз: Жамбыл Жабаев -180: Алматыда ашылған көрмеге ақынның қолжазбалары қойылды