Абайды дәріптеу арқылы өзімізді танимыз - Болат Әбділманов

Almaty.tv
Almaty.tv

Алматыда ұлы ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттауға арналған әдеби онкүндік басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы. Алматыда Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай ұлы ақынның шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттауға арналған әдеби онкүндік басталды, 

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мұрындық болуымен Қазақстанның халық әртісі, белгілі театр және кино актері Болат Әбділмановпен кездесу өтті. Тағылымды шараға 200-ге жуық қаланың белсенді жастары мен жас ақындары қатысты.

«Мақсат – Ұлы Абайдың ой-иірімдерімен, қара сөздерімен, ақыл-даналығымен таныстыру, жастарға тәлім-тәрбие беру. Жыл сайын Жастар күніне орай тұспа-тұс келетін Абай атамыздың туған күнінде 10 күндік іс-шара ұйымдастырылып отырады, бүгін – бастауы. Мітдетіміз – жастарды еңбекке, тәрбиеге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бағыттау», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының Орынбасары Мирас Нысаналиев.

Кездесу барысында Абайдың философиялық ілімдері мен рухани қазынасы және оны насихаттаудың маңызы талқыланды. Жастар Болат Әбділмановқа көкейтесті сауалын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу соңында жас домбырашылар өнерін ортаға салды. Ал осыған дейін ұйымдастырылған жас ақындар байқауының жеңімпаздары Абай Құнанбайұлына арнауын оқыды.

«Абайдың қазаққа жасаған еңбегі және айтып кеткен сөздері, даналық сөздері, өлеңдері жас ақындарға, кейінгі ұрпаққа – мұра. Оны сен білген сайын, біле бергің келеді, сүңгіген сайын, маржандарын тере бергің келеді. Сондықтан да Абайды дәріптеу арқылы  өзімізді танимыз», – деді Қазақстанның Халық әртісі Болат Әбділманов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторын даярлау курсы аяқталды