Адал азамат – әділетті қоғам тірегі: Алматыда қалалық поэтикалық байқау өтті

Сайыста 5 пен 8-сынып оқушылары бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республика күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында «Адал азамат – әділетті қоғам тірегі» атты қалалық поэтикалық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайыста 5 пен 8-сынып оқушылары бақ сынады. Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық, әділдік, адалдық және парасаттылық сезімін сіңіру, жас жеткіншектердің шығармашылық әлеуетін қолдау, сондай-ақ мемлекеттік мереке қарсаңында асқақ рухты жастардың үнін паш ету. Қатысушылардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, танымал театр және кино актерлары, белгілі қаламгерлер мен журналистерден құралған кәсіби қазылар алқасы баға берді.

«Мемлекет басшысы көтеріп жүрген қағидаттар сериясынан бүгінгі шараның бірін өткізіп, оқушы жастардың ортасында «Адал азамат» ұғымын насихаттап, жастардың шығармашылық байқауын ұйымдастырып отырмыз. Меніңше, бұл – қазіргі кезде керек дүние. Поэзия – ұрпақ тәрбиесінің маңызды құралы, көркемсөз арқылы жас ұрпақ туған жерге деген сүйіспеншілігін, ел болашағына деген көзқарасын және азаматтық ұстанымын жеткізе алады», – деді Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Оқи отырыңыз: Қазақ мемлекеттік циркінде Республика күніне орай қайырымдылық концерті өтеді