Қарағандыда адам азаптаған екі полиция қызметкері сотталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Олар "полиция капитаны" арнайы шенінен айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтың тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындату үшін дене жарақаттарын келтірген.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырды", - делінген Қарағанды облысының прокуратурасының хабарламасында.

Сотталғандар "полиция капитаны" арнайы шенінен айырылды. Оларға жәбірленушілердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: қаза болған қазақстандық азаматтардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Новости партнеров