Ұшақ апаты: алматылықтар марқұмдардың рухына тағзым етті

Олар Әзербайжан елшілігінің қаладағы өкілділігіне гүл шоқтарын қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұшақ апатына байланысты алматылықтар Әзербайжан елшілігінің қаладағы өкілділігіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған СІМ өкілдері мен көршілес мемлекеттің елшілігінен мамандар қатысты. Олар қайғылы жағдай салдарынан марқұм болғандардың рухына тағзым етіп, Әзербайжан халқымен бірге екенін жеткізді.

"СІМ атынан, Алматы өкілдігінің атынан елшілік бөлімінің басшысына көңіл айттық", – деді ҚР СІМ Алматы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдіраш.     

"Қайғылы жағдай есеңгіретіп тастады. Әлі де есімізді жия алар емеспіз. Қайғыра көңіл айтамыз", – деді Алматы қаласындағы Әзербайжан елшілігінің өкілі Анар Надир оглы Гусейнзаде.

"Қайғылы оқиғаға байланысты жеке өз атымнан және барлық мәслихат депутаттарының атынан қаза болғандардың отбасыларына, жақындарына қайғырып, шын көңілмен көңіл айтамыз. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығуын тілейміз!" – деді қалалық мәслихаттың төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: қаза болған қазақстандық азаматтардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Новости партнеров