Адамның бет жүзін таниды: Алматыдағы ойын-сауық орталықтарына бейнекамералар орнатылды

14.10.2025 15:34

Камералар төтенше жағдай болса, жылдам хабар беруге қауқарлы

Almaty.tv

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарына талдау жүргізе алатын бейнекамералар орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрылғыларға адамның бет жүзін тану, оғаш мінез-құлық көрсеткендерді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға оқталғандарды анықтау функциясы енгізілген. Камералар төтенше жағдай болса, жылдам хабар беруге қауқарлы. Қазір пилоттық жоба қылмыс жиі болатын 12 орталықта жұмыс істеп тұр. Заманауи технология мүмкіндігін тұрғындар көп жиналатын саябақтар мен сауда орындарында, спорттық алаңдарда да пайдалану көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Таразда қос әкімдік қызметкері сотталды