АЭС – арзан, әрі тиімді электр энергия көзі

Жалпыұлттық референдум қарсаңында елде АЭС салу мәселесі қызу талқылануда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АЭС арзан, әрі тиімді электр энергиясының көзі болуы мүмкін. Алда келе жатқан жалпыұлттық референдум қарсаңында елде АЭС салу мәселесі қызу талқылануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сарапшылар мен жұртшылық арасында бұл ауқымды жобаға қатысты артықшылықтар мен тәуекелдерге қатысты пікірталастар жүріп жатыр. Қоғам белсенділерінің пайымынша, тұтынушылар үшін атом стансасынан өндірілетін электр қуаты тиімді әрі оның экологияға зиянды әсері болмайды. Себебі әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бір киловатт-сағат атом энергиясының құны шамамен 3,5 цент, яғни 5,25 теңге.

"Ең алдымен мені әлеуметтік экологиялық бағыттар қызықтырады, ол экологияға зиян емес. Басқа электро станцияларға, басқа құрылғыларға қарағанда өте тиімді. Әлемдік тәжірибедегі заманауи, тексерілген технология бойынша құруды жоспарлап отыр", – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбай.

Оқи отырыңыз: Референдум: Алматыда 600-ден астам сайлау учаскесі дайын

Новости партнеров