Асылжан Жолдасбеков: АЭС – экономиканы алға жетелейтін драйверлердің бірі

26.09.2024 15:02

Қоғам сұранысына сай, өндіріс пен ғылымға жаңа технологияларды енгізіп отыру уақыт талабы. Бұл – Қызылордада медицина саласының өкілдері және студенттермен кездескен Мәжіліс депутаттарының пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған мақсат-міндеттері баяндалып, ел болашағы үшін референдумның маңызы сөз болды. Депутаттар халық мүддесі қашан да жоғары екенін атап өтті. Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушылары атом энергетикасының адам денсаулығына әсері жайлы түрлі сауалдар қойып, Мәжіліс депутаттарымен еркін пікір алмасты.

"Біз жоғары технология енгізуіміз керек. Бұл АЭС-те үшінші буынды, қауіпсіздік мәселелері қаралған. Ал АЭС-ті саламыз ба, салмаймыз ба? Халық шешеді", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов.

Ел өміріндегі маңызды шешімдер халықтың таңдауы арқылы қабылданады. Бұл елімізде жаңа бір саяси мәдениеттің қалыптасқанын аңғартады. Мұнан соң депутаттар аудандарды аралап, шаруашылық өкілдерімен кездесті. Оңтүстік өңірде агросалаға жаңа технологияларды енгізіп жатқан кәсіпкерлер энергия көзінің маңызды екенін алға тартты. 

"Энергия көзі мықты кәсіпорындарға өте қажетті. Ол – экономиканы алға жетелейтін драйверлердің бірі. Жаңақорған ауданында 6800-ге жуық кәсіпкер тіркелген. Бұл – аграрлы аудан. Өндірісті дамытып  жатыр", – деді кәсіпкер Асылжан Жолдасбеков.

Оқи отырыңыз: АЭС-тен шыққан қалдықтар қайда сақталады