АЭС-тен шыққан қалдықтар қайда сақталады

АЭС-тен шыққан қалдықтар қайда сақталады

Тың технология тәжірибеден өтіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

АЭС-тен шыққан қалдықтар арнайы бассейнде, жер астынан тереңдікте салынатын бетонның ішінде су толтырылып сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған технология тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл туралы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Амангелді Нұрлан айтты. Оның сөзінше, осылайша қалдықтың сыртқа шығуы мүмкін емес.

Ол технология енді пайда болды. Жапония, Франциямен  бірге жүргізілген тәжірибе Курчатов қаласында өтіп жатыр, – деді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ядролық физика кафедрасының оқытушысы Амангелді Нұрлан.

Қытайда – 26, Үндістанда – 7, Ресейде – 4, Оңтүстік Корея, Жапония және Ұлыбританияда – 2, Франция, Бразилия, Аргентина, Иран, Словакияда 1 реактор салынып жатыр. Сондай-ақ Түркия, Мысыр, Сауд Арабиясы, Бангладеш, Тайланд және Мексика атом бағдарламасын дамытып, бірнеше жылда өндіріс ошағын іске қосады. Сала мамандары Қазақстанда АЭС салынса, оны тиісті дейгейде жұмыс істетіп, баптайтын мамандар бар екенін айтты.

 Магистранттар, докторанттар, ғылыми тағылымдамаға шетелге жіберіледі. Ал бакалавр студент кезден-ақ  Алматы, Астана, Курчатов қаласындағы ғылыми орталықтарға барып тәжірибеден өтеді, – деді Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ядролық физика кафедрасының оқытушысы Айсұлу Нұғманова. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда АЭС қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

Новости партнеров