АЭС: референдумды 177 шетелдік бақылаушы бақылайды

01.10.2024 21:30

Қазақстанда өтетін референдум әлемдік қауымдастықтың назарында

Қазақстанда АЭС-ті салу туралы референдумға 30 елден бақылаушылар келмек. Бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысында 177 шетелдік бақылаушының аккредиттелгені мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың ішінде 4 ірі халықаралық ұйымның өкілдері де бар. Елдің Сыртқы істер министрлігі  Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроға, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына шақырту жолдаған. Сонымен қатар 14 елден келген 38 ақпарат агенттігінің 162 журналисі де тұрақты тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстанда өтетін референдум әлемдік қауымдастықтың назарында.  Оған халықаралық бақылаушылардың қатысуы елдің әлемдік деңгейдегі ашықтығын тағы бір дәлелдей түспек.

Оқи отырыңыз: Насурлла Бөртебаев: АЭС – тұрақты энергия көзі